Қонаевтағы балалар лагерінің басшысы жұмыс орнында мас күйде болған

716

 Прокуратура балалар лагерлеріндегі заң бұзушылықтар туралы хабарлады.  

Қонаевтағы балалар лагерінің басшысы жұмыс орнында мас күйде болған Фото: ҚР Бас Прокуратурасы

Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і өз қызметін уәкілетті органдардың рұқсатынсыз, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы ережелерді бұзу арқылы жүзеге асырған, деп жазады inbusiness.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, әрбір екінші балалар мекемесінің ойын және спорт алаңдарында қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Ескі жатын-орындары күрделі жөндеуді қажет етеді. Төрт балаға арналған бөлмелерде іс жүзінде 8 немесе одан да көп адам орналастырылған.

"Қонаев қаласындағы "Бәйтерек" лагерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына қайшы, балалардың демалысы мен білім алуы дұрыс ұйымдастырылмаған. Қапшағай су қоймасында балалардың суға түсуі кезінде қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген. Оның үстіне аталмыш лагерь директоры жұмыс орнында мас күйінде болған. Ол ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша балалар лагерлері әкімшілігінің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру (ҚК 140-бабының 2-бөлігі) басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу