Қонақ үй қызметкерлері шетелдіктерді онлайн тіркеуді үйренді

1189

Қонақ үй қызметкерлері шетелдіктерді онлайн тіркеуді үйренді

Астана қаласындағы қонақүйлердің басшылары мен әкімшілері визалық көші-қон порталын қолдану тәртібін үйренді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Оқыту барысында ҰҚК қызметкерлері қонақүйлер мен отельдердің өкілдеріне визалық көші-қон порталын қолдана отырып шетел азаматтарын тіркеуді толық түсіндірді.

"Визалық көші-қон порталы" жүйесі көші-қон үдерісімен байланысты құжаттарды ресімдеуді автоматтандыруға арналған.

ВКҚП жеке және заңды тұлғаларға қызмет ұсынады. Қазіргі уақытта ВКҚП жеке және заңды тұлғаларға ҚР аумағына жеке және туристік мақсатпен уақытша келетін шетел азаматтарын тіркеу үшін, ал шетел азаматтарына визалық сауалнаманы және көші-қон картасын толтыру және басып шығару үшін автоматтандырылған.

ВКҚП-да толыққанды жұмыс істеу үшін Java орнатылуы, сондай-ақ электронды сандық қолтаңба болуы керек. Шетел азаматы үшін ЭСҚ талап етілмейді. Қалада осы қызмет түрін 23 қонақүй белсенді пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу