Қонақ үйдегі өрттен 34 адам қаза тапты

699

 Қонақ үйдегі өрттен 34 адам қаза тапты

Филиппин астанасы Манилада орналасқан "Ресортс Ворлд Манила" қонақ үй кешенінде болған өрттен қаза тапқандар саны 34 адамға жетті. Жергілікті полиция басшысы осындай ақпарат беріп отыр.

Айта кетейік кеше түнде бетін тұмшалаған жалғыз адам қолына қару алып, қонақ үй ішіндегі казиноның фишкаларын ұрламақ болған. Бірақ қылмыскер адамдарға оқ атпай, тек 2,6 миллион доллардыдың фишкасын қалтасына басқан. Кейіннен ол казино үстелдерін өртепті. Тұрғындардың барлығы түтінге тұншығып өлген. Жергілікті құзырлы орган өкілдері бұл террорлық әрекет емес дейді. Қазір қылмыскердің көзі жойылған. Соңғы ақпараттарға сүйенсек шабуылды шет елдік азамат жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу