Тасмағамбетов қатысқан тойда әнші Мұқасанның әйелі пәтер ұтып алды

12942

Желіде экс-депутат Мақсат Раманқұловтың 50 жас мерейтойынан суреттер, бейнежазбалар тарады.  

Тасмағамбетов қатысқан тойда әнші Мұқасанның әйелі пәтер ұтып алды Фото: Instagram парақша

Бұл тойға келген қонақтарға автокөлік, пәтер, Дубай мен Италияға жолдама, IPhone маркалы 10 телефон, иіссу, сондай-ақ, басты сыйлық Астанадан пәтер сыйланған. Сыйлықтар лотерея арқылы таратылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Белгілі болғандай тойда МузАРТ, Raim, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Өзбекстанның әншілері, Ресейден келген "Мираж" тобы, Германиядан келген Bad Boys Blue тобы өнер көрсеткен.

Сондай-ақ өнер жұлдыздары мен шенеуніктер, сонымен қатар Иманғали Тасмағамбетов те бар.
Тойды тізгіндеген асабаның айтуынша, тойға 2 ай дайындалған. Ал мерейтой ерекше итальян стилінде өткен. 

Мақсат Раманқұлов - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты. Ол 1974 жылғы 21 мамырда дүниеге келген. Еңбек өтілі 1997 Шымкент көлік прокурорының көмекшісі ретінде басталған, кейін Оңтүстік-Шығыс көлік прокуратурасының ішкі қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры, BGМ ЖШС директоры, Mabex Trade LTD ЖШС жеке құрылыс компаниясының бас директоры қызметін атқарды.

Қазақстан ММА аралас жекпе-жек федерациясы Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, "Тоғызқұмалақ" халықаралық спорт федерациясының вице-президенті.

Сондай-ақ Мақсат Раманқұлов  VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің "Ақ жол" Демократиялық партиясынан сайланған депутаты болды. "Құрмет" орденінің иегері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу