Қонақүй мен мейрамхананың табысы екі есе төмендеген

1431

Қонақүй мен мейрамхананың табысы екі есе төмендеген

2017 жылдың екінші тоқсанында қонақүй мен мейрамхана нарығындағы табыс 8,2 млрд теңге болды, бұл өткен жылдың осы уақытындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есе аз, деп жазады naryk.kz хабарлайды.

Finprom-ның мәліметі бойынша, жылдың екінші тоқсанында осы саладағы ірі, орта және шағын бизнес 8,2 млрд теңге табыс тапты. Бұл көрсеткіш жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда төмен.

Әсіресе ірі және орта бизнесте көрсеткіш төмен. Олардың таза табысы аталған уақытта 5,8 млрд теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,4 есе аз. Ал шағын сектордағы табыс 32 пайыз азайып, 1,1 млрд теңгені құрады.

Табыстың төмендеуіне шығынның артуы себеп болған. Мәселен, екінші маусымда сала кәсіпкерлерінің кірісі 142 млрд теңге болса, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 18,7% (22,4 млрд теңге) артық. Ал жұмсалған шығын көлемі 31,1% артып, 133,9 млрд теңге болды.

Осы орайда саланың тиімділігі барлық секторда төмендеп кетті. Табыстылық деңгейі ірі және орта секторда 21,1пайыздан 6,1 пайызға, ал шағын кәсіпте 9,8 пайыздан 5,5% пайызға қысқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу