Қонақүйдегі жанжал: әйгілі бишіге қатысты тергеу жүріп жатыр

113

Әлеуметтік желілерде Бішкектегі Sheraton қонақүйінде болған төбелестің видеосы тарап кетті.   

Қонақүйдегі жанжал: әйгілі бишіге қатысты тергеу жүріп жатыр Фото: бейнежазбадан

Бейнежазбада Қырғызстанда танымал биші Жан Воиновтың жүргені байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бес жұлдызды қонақүйдің бейнебақылау камералары қонақтар арасындағы қақтығысты түсіріп алған. Төбелес бассейн маңында басталып, бір жігіт үш қызды суға лақтырған. Қақтығыс қонақүйдің фойесінде жалғасып, бұл жолы қыздар арасында төбелес болып, оған ер адамдар да араласқан.

Басылым мәліметінше, жанжалға қатысқандардың арасында танымал биші Жан Воиновтың әйелі Зарина Алмасова мен оның туған ағасы болған. Сондай-ақ, төбелеске Жан Воиновтың өзі де араласып, куәгерлерді пышақпен қорқытқан деген ақпарат тараған.

Бішкектегі Первомай аудандық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі оқиға 30 маусым күні түнгі сағат 01:00-де болғанын хабарлады. Жәбір көрген үш қыз милицияға арыз жазған.

Келесі күні, 1 шілдеде, құқық қорғаушылар қыздарды суға итерген ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстады. 31 жастағы А.Р. сол күні қамауға алынып, бір айға УҰИ-ға қамалды.

Бүгін танымал биші әрі кәсіпкер Жан Воиновтың екі оққағарының да ұсталғаны белгілі болды.

"Аталған іске байланысты тағы үш адам, соның ішінде Жан Воиновтың жұбайы Зарина да ұсталуы керек. Қазіргі кезде оның екі кәмелетке толмаған баласы бары себеп болып, қамауға алынбай отыр. Алайда заң бойынша оны кем дегенде уақытша ұстау изоляторына қамау керек еді, кейін сот санкциясын анықтайтын еді", – деді адвокат Шердор Абдықапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу