Ақмола облысының Бурабай ауданында "УЮТ" қонақүй кешенінде өрт шықты. Жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Аудандық төтенша жағдай бөлімінен берілген ақпарат бойынша, жексенбі күні қонақүй кешенінің шатырынан өрт байқалған. Өртті сөндіруге жұмылдырылған 30 өрт сөндіруші мен 7 техника 3 сағат дегенде тілсіз жауды әрең ауыздықтады.
"Ғимарат жазға лайықталғандықтан, ішінде демалушылар жоқ, сондықтан ешкім зардап шекпеген", - дейді төтеншеліктер.
Алдын ала болжам бойынша, өртке электр желілерінің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу