Қонақүйге өз еркімен келген қыз 6-қабаттан секіріп кетті

1428

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  

Қонақүйге өз еркімен келген қыз 6-қабаттан секіріп кетті Фото: yvision.kz

23 ақпанда Түркістан қаласы полиция басқармасына қонақ үйлердің бірінің 6-қабатынан жас қыз секіргені туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайт ҚР ҚК 105-бабы "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша СДТБТ-ға тіркелген. 2003 жылы туған жәбірленуші қыз, Алматы қаласының тұрғыны.

Ол оқиға орнынан ауруханаға жатқызылды. Осыдан соң тексеру кезінде жас қыздың 2005 жылы туылған кәмелет жасына толмаған қыз екені анықталды.

Жауап алуға жеткізілген ер жігіттің айтуынша, "жеңіл жүрісті” жас қыз онымен әлеуметтік желі арқылы танысып, алдын ала келісім бойынша есепшотқа ақша аудартып, қонақ үйге өз еркімен келген. Алайда, қонақүй ішіндегі бөлмеде олардың арасында өзара түсініспеушілік болып жас қыз аударылған ақшаны қайтарудан бас тартып, жанжал шығарған.

Ақшаны қайтару мақсатында аталған азамат жас қызбен сөйлесу үшін қонақ үйге таныс қызын шақырып, өзі кетіп қалған. Бұл бейнекамерадағы жазбаларда расталған.

Жауап алу кезінде жас қыздардың айтуынша, жәбірленуші ұялы телефонмен сөйлесу үшін қонақ үйдің балконына шығып, өзі секіріп кеткен.

Ал жәбірленуші өз жауабында жанжалдың болғанын растап, оны сөйлескен қыздардың бірі итеріп жібергенін айтты.

Бүгінгі таңда жәбірленушінің дәлелдерін тексеру үшін қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 105-бабынан ҚР ҚК-нің 24-99-бабына (кісі өлтіруге оқталу) қайта сараланып, тергеу жоспары жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу