Қонақжай қазақ халқының ыстық ықыласын сезініп жатырмыз – Кристофер Ландау

159

"Алматы – Қазақстанның ең ірі қаласы әрі қаржы астанасы" 

Қонақжай қазақ халқының ыстық ықыласын сезініп жатырмыз – Кристофер Ландау Фото: Кристофер Ландау X желісінен

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау X желісінде Алматының әсем табиғаты мен халықтың ыстық ықыласына тәнті болғанын жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 "Алматы – Қазақстанның ең ірі қаласы әрі қаржы астанасы. Қала Іле Алатауының баурайында орналасқан. Қаладан небәрі жарты сағаттық жерде әлемге әйгілі "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты бар. Онда қазақ халқының қонақжайлығын шын сезіндік. Өзімді бүркіт пен жаңа қазақ достарымның ортасында үйдегідей сезіне бастадым!" – деді Кристофер Ландау.

Бүгін Серджио Гор мен Кристофер Ландау Қазақстанда жұмыс істеп жатқан америкалық компаниялар басшыларымен, іскерлік топ өкілдерімен кездесті.

Мәртебелі меймандарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай қарсы алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу