Coldplay концерті кезінде Astronomer компаниясының бас директоры Энди Байронның көңілдесімен құшақтасып тұрған сәті камера түсіп қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
NDTV басылымының мәліметінше, Coldplay тобының концерті Бостонда өткен. Энди Байрон өзінің әріптесі Кристин Кэботпен өнер кешін тамашалауға барады. Кейін камераға олардың кәдімгі ғашықтар секілді қатар тұрып, құшақтасқан сәті түсіп қалған. Оларды концерттің үлкен экранынан көрсеткен кезде екеуінің абдырап қалғанын байқауға болады. Astronomer компаниясының бас директоры мен оның әріптесі камерадан жасырынуға тырысқан.
"Олардың арасында махаббат бар немесе екеуі өте ұялшақ адамдар екен", – деді Coldplay тобының солисі Крис Мартин.
Бұл жағдайдан кейін Энди Байронның әйелі Меган Керриган Facebook-тегі парақшасын өшіріп тастады.
Ал опасыздығы әшкере болған Astronomer компаниясының басшысы осы жайтқа түсінік беріп, әйелі мен отбасынан кешірім сұрады.
"Шын жүректен өзімнің жұбайымнан, отбасымнан және Astronomer компаниясындағы әріптестерімнен кешірім сұраймын", – деді Энди Байрон.