Концерттерге билет алғандар ақшасын қайтара алмай жүр

1154

Сондай-ақ той өткізе алмай қалғандар да тойхана иелерінің соңынан қуып жүр.

Концерттерге билет алғандар ақшасын қайтара алмай жүр

Карантинге байланысты тоқтатылған концерттердің ұйымдастырушылары билет ақшасын қайтаруға асығар емес. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың әлеуметтік желідегі хабарламасынан белгілі болды.

Министрдің жазуынша, СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне тоқтатылған концерттер үшін ("Руки Вверх" тобының, Нұр-Сұлтан қаласындағы Любовь Успенскаяның концерттері, Белгородтағы "Халық шығармашылығы" фестивалі, "Астана – Опера" театрының қойылымдарына және т.б.) 29 билет бойынша 15 өтініш келіп түскен. Жалпы сомасы – 615 620 теңге.

"11 шағым бойынша жұмыс аяқталды және тұтынушыларға 339 620 теңге қайтарылды. Тұтынушылардың тағы 4 шағымы бойынша жұмыс жүргізілуде",– дейді министр.

Бақыт Сұлтановтың сөзінше, бұдан өзге мейрамхана, дәмханаларда және т.б. орындарда той беру үшін ақысын төлеп қойғандардан 47 өтініш келіп түскен. Өтініштерде көрсетілген қайтарылуы керек ақшаның жалпы сомасы 7,5 миллион теңгеден асады. Бүгінде арызданушылардың 5 млн теңгесі қайтарғызылыпты.

"Туризм - жеке тарих", – дейді министр. Оның айтуынша аумақтық департаменттер жетілмеген туристік турлар үшін жалпы сомасы 24 158 466 теңге (23 487 016 теңге – шетелдегі демалыс үшін, 671 450 теңге – ел ішінде) ақшалай қаражатын қайтару бойынша 85 өтінішті қараған. Соның ішінде тұтынушыларға 4 250 202 теңге қайтарылыпты, сондай-ақ кейбір өтініштер бойынша тур күндерін ауыстыру туралы тараптардың келісіміне қол жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу