Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бюджет кодексінің жаңа редакциясына сәйкес келтіру үшін түзетулер енгізілді. Барлығы 26 заң өзгертуге жатады. Түзетулердің жеке блогы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін біріздендіруге қатысты. Концессия да мемлекеттік жеке әріптестіктің бір түрі болғандықтан, концессиялық жобаларды жоспарлау және іске асыру "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңмен реттелетін болады, ал "Концессиялар туралы" Заңның күші жойылатын болады", – деді министр Үкімет отырысында.
Жалпы жаңа Бюджет кодексін іске асыру үшін 205-ден астам нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады. Құжат нормаларын іс жүзінде тиімді қолдану үшін нәтижелерді бағалауды жүргізетін уәкілетті органдардың жұмысын қайта құру қажет.
"Ең төмен стандарттардың нормативтік негізін әзірлеу міндеті тұр", – деді министр.