Ертеңнен бастап, Астанада қоғамдық көлікпен жүру жолақсы 180 теңгеге көтеріледі. Арнайы жол жүру карточкасы барлар үшін баға бұрынғыша 90 теңге болып қала бермек, деп хабарлайды Atameken TV.
Астана ЛРТ өкілдерінің айтуынша, сараланған жаңа жүйеге көшуде алдымен көлік карталарының сатылымы артқан. Соңғы екі күн ішінде 16 мың 500 көлік картасы сатылды.
Жыл басында көлік карточкаларын қолданушылар 5% болса, қазір 50%-дан асты. Бұл карталар енді терминалдармен қатар сауда нүктелерінде, сондай-ақ кейбір автобустардың өзінде сатылады. Бұдан өзге, ертеңнен бастап кондуктор қызметі жойылады. Олар электрондық төлеу жүйесінің жұмысы бойынша кеңесші болады.
Желідегі қадағалау да күшейтіледі. Оны көліктік бақылау басқармасы мен жергілікті полиция қызметтері бірлесіп жүргізеді. Төлемегені үшін айыппұл 2 айлық есептік көрсеткіш болмақ.
Айта кетсек, тек соңғы екі күн ішінде 34 жолаушыға 160 мың теңгеден астам айыппұл салынды.