Кондукторлар халықты алдап жүр - Астана LRT

772

Бүгін 50 кондуктор жұмысқа шықпады. Олар жұмыстан шығарылған. Себебі өз жұмысын дұрыс атқармаған.

Кондукторлар халықты алдап жүр - Астана LRT

Астананың қоғамдық көліктерінде жол ақысына сараланған тарифтер енгізілгелі бері автобуста электронды картаны сатып алуға болады. Ішінде баланс болмаса да, баратын жерге тегін жетіп алуға мүмкіндік беріледі. Кейбір кондукторлар оны айтпайды, картаны сатса да, үстінен жол жүру ақысы - 180 теңгені де алып қояды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Астана LRT"-ның қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Науат Азанбаеваның айтуынша, кей кондукторлар жұмыстан кететінін біледі. Сол себепті өз еңбегін адал атқармай, халықты алдайды.

"Негізі, автобустың ішінде карталар сатылады. Картаның ішінде ештеңе жоқ. Оны артынан толтырып алуға болады. Бірақ дәл осы картаны автобуста сатып алсаңыз, баратын жерге тегін жетіп алуыңызға болады. Адал кондукторлар бар ғой. Олар бірден айтады, бұл картамен бір рет тегін жүруге болады. Ал кей кондукторлар жұмыстан кететінін біледі. Содан ақша жасап қалуға тырысады", - деді Н.Азанбаева.

Сондай-ақ ол қазіргі күні осы мәселеге қатысты елорда тұрғындарынан көп шағым түсіп жатқанын айтты.

"Осыған қатысты арыз-шағымдар да көптеп түсіп жатыр. Біз автопарк директорларына хабарласып, тиісті шараларды қолға алуды талап етеміз. Олар ондай кондукторларды бірден жұмыстан шығарады. Мысалы, бүгін 50 кондуктор жұмысқа шықпады. Олар жұмыстан шығарылған. Себебі өз жұмысын дұрыс атқармайды, халықты алдайды", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу