Көне салт: "Ұйқыашар" – ұйқыдан ояну

5482

Көне салт: "Ұйқыашар" – ұйқыдан ояну

Наурызда әртүрлі рәсімдер болған, қазір олардың біршамасы ұмытылды. Оның біреуі "Ұйқыашар" деп аталады. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, доцент Асылхан Бикенов басылымына айтып берді, деп хабарлайды Strategy2050.kz.

"Бұл күні көнеден келе жатқан қазақ әдет-ғұрпы үлкен рөл ойнайды. Біздің ұлттық дәстүр – Наурыз, наурыз көже сынды салт халық өмірінде ерекше мәнге ие", – дейді Асылхан Бикенов.

Оның айтуынша, наурыз көже – осы мерекенің басты тағамы. Тағам құрамына 7 нәрсе салынады: сүт, су, дәнді дақыл, ет, тұз, май және ұн.

"Наурыз көже – мерекенің символы", – дейді тарихшы.

Сондай-ақ ол Наурыз 14 наурызда келетінін айтты.

"Наурыз 14 наурызда келеді, ескі күнтізбемен ол 1 наурыз болып есептеледі. Әрбір аймақ Наурызды мерекелеп, Қыдыр атаның батасын алған. Бұл мереке бір ай бойы жалғасады. Алайда көктемгі теңесу 21-нен 22-не ауған түні болады. Қазақтар жаңа жыл – 21 наурыз күні түнгі 3-те келеді деген", – дейді ол.

Тарихшының айтуынша, Наурыз мерекесін тойлауда, әртүрлі салт-дәстүр болған, қазір олардың көбі ұмытылған. Оның бірі – "Ұйқыашар". Бұл мерекеде бозбалалар бойжеткендерге "селт еткізер" сыйлығын табыстаған, ондағы айна – жастықты, тарақ – әдемілікті, әтір – ләззатты білдіреді. Ал қыздар жігіттерді шақырып, ұйқыларын ашқан.

"Бұл күні жастар қыздарға айнаны сыйлыққа тартса, қыздар жауап ретінде "Ұйқыашарға" шақырады. Қазір бұл дәстүр ұмыт қалды. Наурыз тек этнографиялық қана емес, жалпыхалықтық болуы керек", – дейді Асылхан Бикенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу