"Көне Тараз музейін" салуға жұмсалған 1 млрд теңге желге ұшты

1198

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу кезінде Тараздың қақ ортасында ашылған "Көне Тараз музейінің" ғимараты сапасыз салынған болып шықты.  

"Көне Тараз музейін" салуға жұмсалған 1 млрд теңге желге ұшты
>Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
 
"Төбесінен су сорғалады, жертөле үй-жайы жарамсыз, кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау, желдету және жылыту, салқындату жүйелері мүлдем жұмыс істемейді", – деді депутат. 
 
Бұл құрылысты салуға және сол уақытта музейлендіруге 1 млрд 200 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған.
 
"Осыншама мемлекет қаржысы ауаға ұшқанмен бірдей болады. Жергілікті атқару органдары бас мердігердің жұмысты сапасыз орындағаны үшін келісім-шартты бұзуы, одан кейін қайта жөндеу жұмыстарына жүгінуі ешқандай нәтиже берген жоқ. Жеті жылға жуық жұмыс істемей, көзге күйік болып, қаңқиып тұрған бұл музейдің тағдыры қалай болғанда да шешілуі тиіс", – дейді депутат.
 
Осы орайда, "AMANAT" партиясы Фракциясының мүшелері:
1) Осы "сақалды құрылысты" аяқтаудың амалын қарастыруды;
2) Шешім қабылдаған шенеуніктердің жауапкершілік деңгейін анықтауды; 
3) Мұндай сорақылықтың қайталанбауы үшін құқықтық жағдай жасауды қарастыруды сұрайды.
Сауал премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа бағытталды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу