Аньян қаласындағы қытай жазба музейі ерікті палеографтар мен ғалымдарды және әлемнің түкпір-түкпірінен иероглификтік таңбаларды зерттеуге қызығушыларды көне жазулардың құпиясын ашуға шақырады, деп хабарлайды abctv.kz.
Музейдегі бал ашуға қолданған "цзягувэнь" сүйектерінің 3000 жылдан аса тарихы бар. Бұл сүйектердегі жазбалардың құпиясы әлі толық ашылмай отыр.
Қытайдың орталық телеарнасы хабарлағандай, әрбір ашылған таңба үшін 100 мың юань ($14,8 мың) беріледі. Сонымен қатар толық құпиясы ашылмаған иероглиф үшін 50 мың юань беріледі ($7,4 мың).
Қытай жазуы - адамдардың заттар мен құбылыстарға ұқсата еліктеуі нәтижесінде, дүниелік құбылыстарды сызбамен бейнелеп, түсіну мақсатына жетті. Олар алғашқы жазуды сүйектерге ойып жазды, сондықтан зерттеушілер осы әдепкі жазуларды сауыт-сүйек жазуы деп атады. Көне қытайлардың діндік нанымы, болжауы айтылып, сүйекке жазылған бал ашу жазбалары шамамен б.з.б. 2 мыңжылдықтың соңына таман көрініс тапқан.