banner

Конфедерация кубогінің финалистері анықталды

892

Кеше Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт кешенінде спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерация кубогының жартылай финалдық кезеңдері өтті.  

Конфедерация кубогінің финалистері анықталды

7 спорт түрі бойынша 250-ге жуық спортшылар қатысқан конфедерация кубогының финалистері анықталды, деп хабарлайды olympic.kz.

Жартылай финал нәтижесі бойынша грек рим күресінен Шымкент қаласының балуандары Алматылықтарды 4:2 есебімен ұтса, Алматы облысының спортшылары қостанайлықтарды 4:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Ал нұр-сұлтандық еркін күрес шеберлері Алматы қаласының спортшыларынан басым түссе, Алматы облысының балуандары ШҚО командасын 4:2 есебәмен ұтып, мықты екендерін тағы да дәлелдеді.

Алматылық таеквондошылар Түркістан облысының балуандарынан басым түссе, Жамбыл облысының таеквондошылары Алматы облысының командасына есе жіберді. Осылайша финалда Алматы мен Алматы облысының командасы кездеседі.⠀

Ақтөбе облысының татами шеберлерлері Қарағандылықтарды 4:3 есебімен, ал ШҚО дзюдошылары Алматы облысының спортшыларын 4:2 есебәмен ұтып, финалға шықты.

Бокстан Қарағанды облысы түркістандық былғары қолғап шеберлерін 5:3 есебімен жеңсе, Маңғыстау спортшылары Нұр-Сұлтандықтардан 5:3 есебімен жеңіліп қалды.

Алматылық "Qazaq kuresi" клубы қазақ күресінен орталық армия клубын оңай ұтып, финалист атанды. СҚО-дан келген "Қызылжар арландары" қарағандылық "ЗАК КАР" клубын 4:2 есебімен ұтты.

Жеңіліс тапқан командалар үшінші орын үшін белдесу өткізіп, нәтижесінде орталвқ армия клубы жеңіске жетті.

Каратеден Алматы Шымкентті ұтса, маңғыстаулықтар Жамбыл облысының құрама командасынан басым түсті. Ал қола жүлде үшін таласта ұпай саны бойынша Жамбыл облысы Шымкенттіктерді жеңіп кетті.

Конфедерация кубогының ақтық финалы 8 желтоқсан күні Балуан Шолақ спорт кешенінде өтеді.

Айта кетерлігі, конфедерация кубогы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың ұсынысымен биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 165 млн теңгені құрайды.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу