Конфет арасына есірткі жасырып өткізбекші болды

Оқиға орнына Қызылорда қалалық ПБ-ның жедел-тергеу тобы шақыртылған.

Конфет арасына есірткі жасырып өткізбекші болды Фото: №60 мекеме

Қылмыс жасауға оқталған азаматша бұл іс-әрекетімен "адамнан қулық артылмайдыны" еске салды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қызылордадағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінің жедел бөлімі ақпаратына сәйкес, сотталғанға әйел адам есірткіні конфеттің арасына жасырып өткізбеші болған.

– Арнайы құрылғы арқылы тексеру барысында конфеттің ішіне жасырылған белгісіз заттар анықталды. Режим бөлімі тексеру тобының аға лейтенантты Самат Омаров жұмысын қырағы атқарды. Түсіндірме жұмыстары өз деңгейінде жүргізілгенімен, аталған факті бойынша оқиға қайталануда. Осы орайда, жазасын өтеуші азаматтардың туған-туыстарынан мұқият болуын сұраймыз, – деді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлы.

Аталған жайт бойынша оқиға орнына Қызылорда қалалық ПБ-ның жедел-тергеу тобы шақыртылған. Мамандар "баунти" конфеттерінің арасына жасырылған 12 дана қағазға оралған өткір иісі бар жасыл түсті шөп және 1 дана өткір иісті ақ ұнтақты анықтады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы, 1-бөлігімен Қызылорда қалалық ПБ-ның СДТТБТ-не №244310031002359 санымен тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу