Конго ОПЕК құрамына қабылданды

920

Конго ОПЕК құрамына қабылданды

Ұйым өкілдері Венада ресми түрде елдің өтінішін қабылдады. Осылайша мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мүшесінің саны 15-ке жетті.

Естеріңізге сала кетейік, 21 маусымда ОПЕК пен оның одақтастары Иранның қарсылығына қарамастан мұнай өндірісін тәулігіне 1 млн баррельге өсіруге қол жеткізген. Бірақ "Блумберг" агенттігінің дерегі бойынша, нақты өсім күніне 600 мың баррельден төмен болмақ. Өйткені ұйымға мүше кей елдер мұнай өндіруді ұлғайта алмайды. Ал осы кездесуден кейін Brent маркалы мұнай бағасы 3,3%-ға өсіп, 75 долларға жетсе, WTI маркасының құны 5%-ға  артып, 68 долларға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу