Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессомен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін француз тілінде бастады. Кездесу барысындағы видео президенттің телерадиокешенінде жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
“Президент мырза, ең алдымен Қазақстанға қош келдіңіз. Сіздің елімізге алғашқы сапарыңыз екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қуатты серпін береді. Сіздердің елімізге келгендеріңізге өте қуаныштымыз. Біз бейресми және ашық жағдайда екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық жағдайдың кейбір өзекті мәселелерін талқыладық. Президент мырза, мен екі ел арасындағы қарым-қатынастан үлкен әлеуетті көріп отырмын. Ал біздің үкімет оны жүзеге асыруға күш салады”, – деді Тоқаев.