Конгода 438 адам су тасқынынан мерт болды

582

Жоғалып кеткен адамдардың нақты саны әзірге белгісіз.  

Конгода 438 адам су тасқынынан мерт болды Фото: img2.eadaily.com

Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы оңтүстік Киву провинциясында  су тасқынынан қаза тапқандар саны 438-ге дейін жетті. Бұл туралы бейсенбіде Xinhua жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Тоқтаусыз жауған қатты жаңбырдан су тасқыны болып, көшкін жүрді. Бәрінен Бушушу мен Ньямукуби елді мекендері көбірек зардап шекті. Мемлекет басшысы Феликс Чисекедидің шешімімен зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша күш-жігерді үйлестіру үшін Үкімет комиссиясы аймаққа жіберілді.

Конголдың Actualite жаңалықтар порталы су тасқынынан зардап шеккендерге орай Ұлттық аза тұту күні туралы хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу