Конгода әскери операция кезінде БҰҰ-ның бітімгерлері қаза тапты

964

Конгода әскери операция кезінде БҰҰ-ның бітімгерлері қаза тапты

Конго демократиялық республикасында БҰҰ-ның 7 бітімгері көтерілісшілермен қарулы-қақтығысқа түсіп қаза тапты. Тағы 10 бітімгер жарақат алып, біреуі із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды 24.kz.

"БҰҰ-ның бас хатшысы Бени қаласында қаза тапқан бітімгерлердің өлімін қатаң сынға алды. Олар аймақтағы "Демократиялық күштер альянсына" қарсы ұйымдастырған әскери операциясы барысында мерт болды. Шиеленістен жарақат алғандар мен жоғалғандар да бар", - дейді БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик.

Конгоның шығыс өңірінде ондаған жылдар бойы қарулы-қақтығыс пен қақшылық кең етек жайып барады. Бұл аздай, Бени қаласы мен оның маңындағы елді мекендерде эбола індеті өршіп тұр. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, дертке шалдыққан 300 адамның жартысынан көбі жан тапсырды. Ал індетті жұқтырғандарға тиісті медициналық көмек көрсету үшін аймақтағы атыс-шабыс пен көтерілісшілер тобы кедергі келтіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу