Конгоның Басанкусу қаласында белгісіз дерт тарап, халық жаппай ауруға шалдығып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сол кезден бері 419 жағдай тіркеліп, 53 адам қайтыс болды. Аурудың өлім-жітіммен аяқталу болжамы – 5,5%", – делінген Басанкусу қаласының билігі таратқан ақпаратта.
Науқастарға жасалған экспресс-сынамалардың жартысы безгекке оң реакция берген.
Ауырып қалғандарда қызба, қалтырау, бас ауруы, буындардың сырқырауы сынды симптомдар байқалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу