Белгісіз адамдар Конго Демократиялық Республикасының шығысында (КДР) БҰҰ миссиясының тікұшағын атқар. Бір бітімгер қаза тапты. Бұл туралы Agence France-Presse миссия өкіліне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Шабуылға тап болған тікұшақ Бени қаласынан ұшып шыққан. Оның барысында ұшқыш жарақат алды. Бірақ, ол ұшуды жалғастырып, Гома провинциясы астанасының әуежайына қонған.
Agence France-Presse мәліметтері бойынша қайтыс болған бітімгер - Оңтүстік Африканың азаматы.
КДР-дағы қазіргі миссия 2010 жылдың 1 шілдесінде Конго КДР-да жұмысын бастады. Оның мандаты Конго Үкіметінің көтерілісшілердің зорлық-зомбылығынан зардап шеккен аймақты тұрақтандыруды қамтиды.