Конго Республикасының шығысындағы мектептердің біріне найзағай түсіп, 5 бала қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Жергілікті әкімшілік өкілі Роджер Адиродудің хабарлауынша, Итури провинциясындағы Букиринги ауылындағы бастауыш мектепке балалар сынып жинап жатқан кезде найзағай түскен.
Оның айтуынша, оқиға салдарынан екі қыз бен үш ұл қаза тауып, тағы 13 бала жарақат алған. Қаза тапқандар мен жараланғандар бес пен 13 жас аралығындағы оқушылар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу