Конгода нөсер жауыннан 120 адам қаза тапты

585

Конго Демократиялық Республикасының астанасы Киншасада нөсер жаңбырдың салдарынан 120 адам қаза тапты.  

Конгода нөсер жауыннан 120 адам қаза тапты Фото: newsae.ru

Конго бұқаралық ақпарат құралдары 100-ге жуық құрбан болды десе, сейсенбідегі Reuters хабарламасында олардың саны 120-ға жеткен, деп жазады Inbusiness.kz.

Reuters атап өткендей, жауын-шашыннан туындаған су тасқыны мен көшкіннің салдарынан халқы 15 миллионнан асатын шаһардың бүкіл аудандары су астында қалды, үйлер мен жолдар қирады.

Билік Киншаса тұрғындарын қала көше бойымен жүргенде сақ болуға шақырды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу