Конгода пойыз аударылды

1076

Конгода пойыз аударылды

Конго Демократиялық Республикасының оңтүстігін­дегі Луабаба провинциясында жүк пойызы аударылып, 33-ке жуық адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анықталған мәліметтерге қарағанда, пойызға жанармай тиелген, бұдан тыс, бір топ жолаушысы да болған. Тауға қарай көтеріле бергенде пойыз рельстен шығып кетіп, аңғарға құлаған, соның салдарынан жанармай өртенген.

"Аударылған жүк пойызы жолаушы тасымалдауға арналмаған. Демек, оның ішінде жолаушылардың болуы заңға қайшы", - дейді Конго ұлттық теміржол компаниясының өкілі.

Пойыз жексенбі күні, Конгоның екінші ірі қаласы Лубумбашадан Луэна қаласына бара жатқанда апатқа ұшыраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу