Конгода сайлау комиссиясының қоймасы өртенді

796

Дауыс беруге арналған 8 мың электронды құрылғы жанып кетті.

Конгода сайлау комиссиясының қоймасы өртенді

Оқиға президенттік сайлауға 10 күн қалғанда орын алған, деп хабарлайды 24.kz.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, электронды құрал-жабдықтың 70 пайызы өртеніп кеткен. Одан бөлек 4 мың сайлау кабинасы мен 800 су жаңа мотоцикл және 15 автокөлік күлге айналды.

Өрттің не себептен шыққаны әзірге анықталған жоқ. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Билік өкілдерінің айтуынша, жоспарланған президенттік сайлау кейінге шегерілмейді. Елдің қазіргі президенті Жозееф Кабиланың орнын басатын үміткердің есімі желтоқсанның 23-і күні анықталатын болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу