Конгода шенеуніктер мінген ұшақ өртке оранды

69

Олар эвакуацияланып үлгерді.  

Конгода шенеуніктер мінген ұшақ өртке оранды Фото: Видеодан скриншот

Конгода министр мен делегация мүшелері мінген ұшақтан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Колвези әуежайында төтенше жағдай болды. Israel Hayom басылымының жазуынша, Конгоның тау-кен өнеркәсiбi министрі Луи Ватум Кабамба отырған ұшақ апатқа ұшырады.

Киншасадан ұшып келген әуе көлігі ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген. Министр мен делегация мүшелері уақытында эвакуацияланып үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.

"Ұшақ дұрыс қона алмай өртенді. Жалын толық таралмай тұрып бәріміз ұшақтан шығып үлгердік", – деді делегация басшысының коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Исаак Ньембо.

Белгілі болғандай, Луи Ватум Кабамба бастаған делегация 16 қараша күні ондаған адам қаза тапқан Калондо шахтасындағы ахуалмен танысу үшін Колвези аймағына келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу