Конго Демократиялық Республикасында маймыл шешегінің қауіпті штамы табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Telegraph-қа сілтеме жасап.
Басылым аталған зерттеудің әлі нақтыланбағанын, әзірге әлемдік сарапшылар зерттеп жатқан баса ескерткен.
Ғалымдардың айтуынша, Камитугте (Оңтүстік Киву провинциясы) маймыл шешегінің мутацияланған штамы табылды. Вирустың бұл түрі адамдар арасында, негізінен, жыныстық жолмен тарайды. Зерттеушілер кейбір мутацияланған жаңа штамдар қазіргі сынақ-тесттер арқылы анықтала бермейді дейді.
Олар егер шешектің алдын алмаса, ауру халықаралық деңгейде таралуы мүмкін деп санайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу