Конгодағы бассыздықтардан 7 адам қаза тапты

367

CODECO тобының мүшелері Итури ауылдарының біріне шабуыл жасады.

Конгодағы бассыздықтардан 7 адам қаза тапты Фото: HumAngle

Конго Демократиялық Республикасы, Итури провинциясында көтерілісшілердің шабуылынан жеті бейбіт тұрғын қаза тапты, олардың бесеуі балалар, деп жазады Inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. 

Ұлттық БАҚ хабарлағандай, "Конго даму кооперативі" (CODECO) көтерілісшілер тобының мүшелері Адраси ауылының тұрғындарына шабуыл жасады. Бірқатар үйлер әдейі өртелген.

Африка елінің шығысындағы CODECO шабуылдарының құрбандар саны 2014 жылдан бері мыңға жуықтаған.

Конго шығыс штаттары  Руанда, Уганда мен Бурундимен шектеседі. Аймақта 20 жылдан астам уақыт созылған алтын және кобальт сияқты қазбалардың кен орындарын бақылауға тырысқан қарулы топтар арасында шабуылдар мен қақтығыстар жиі болып тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу