Конгодағы ұшақ апатынан 29 адам қаза тапты

869

Тағы 16 адам түрді деңгейде жарақат алған. 

Конгодағы ұшақ апатынан 29 адам қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасында Busy Bee әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан ажал құшқандардыың саны 29-ға жетті. Қайғылы оқиға Гома қаласында болған. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады. 

Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 3 минут өткен соң апатқа ұшырады. Бастапқыда 6 адамның жан тапсырғаны хабарланды, бірақ кейін 24 кісінің мәйіті табылғаны анықталды. 

Ал соңғы дерек бойынша, қаза тапқан 29 адамның 7-еуі бір отбасының мүшелері болып шықты. Жарақат алғандардың барлығы қазір ауруханада. 

Айта кетейік, конголық Busy Bee әуе компаниясы чартерлік және тұрақты рейстерді ұйымдастырып, Конго Демократиялық Республикасының шығысында медициналық эвакуация жұмыстарын жүргізеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу