Конгресс Трампқа қарсы импичмент жариялауға кірісті

955

Осы жаңалыққа қатысты түсініктеме берген Трамп бұл әрекеттің оған еш әсер етпейтінін айтты. 

Конгресс Трампқа қарсы импичмент жариялауға кірісті Фото: reuters.com

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Трампқа қарсы импичмент жариялауға кірісті. Ол үшін арнайы комитет құрылуы мүмкін. Оны 253 демократтың 150-і жақтаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Нэнси Пелосидің айтуынша, Трамп диалог барысында Президент ретіндегі конституциялық міндеттерін бұзған. Ұлттық қауіпсіздік пен сайлаудың тұтастығына нұқсан келтірген. Зеленскийден демократ Байден және оның ұлына қарсы тергеу бастауды бірнеше мәрте сұраған.

Осы жаңалыққа қатысты түсініктеме берген Трамп бұл әрекеттің оған еш әсер етпейтінін айтты. Керісінше, сайлау алдында оның пайдасына жарауы мүмкін. Ол демократтар бәрібір жеңіске жетпейді деп санайды. Ақ үй жетекшісінің пікірінше, тек қылмыс немесе қандай да бір өрескел заң бұзушылық қана импичментке негіз болуы мүмкін.

 "Президент жасаған әрекет Конституция талаптарына сай емес. Ол мен не қаласам, соны жасай алам деуінің өзі 2-бапқа қайшы. Бірнеше ай бойы тексеріс жүргізілді. Өкілдер палатасы барлық құжатты, қажетті деректерді жинады. Осы аптада Президенттің өзі Украина жетекшісіне саяси мүдде үшін өтініш жасағанын мойындады. Бұл –сатқындық. Президент жауапқа тартылуы керек. Заң баршаға ортақ",– дейді АҚШ Конгрессі Өкілдер палатасының спикері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу