Көңіл көншітпейтін көрсеткішімізді қорытындыладық

895

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының отырысында Олимпиада ойындарының 3 дүркін жүлдегері, Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күрес күресі федерациясының вице-президенті Гюзель Манюрова осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Көңіл көншітпейтін көрсеткішімізді қорытындыладық

"Бұл медальсіз қалған алғашқы Олимпиадамыз. Бұған дейін біз әйелдер күресі бойынша 3 Олимпиадаға қатыстық. Өкінішке қарай, осы жолы жүлдесіз қалдық", – деді Гюзель Манюрова.

Оның сөзінше, Токио-2020 Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін әр спортшының Олимпиададағы жекпе-жегі талқыланып, қорытынды жасалған. 

"Кадрлық ауыс-түйіс болады. Спортшыларды даярлау жүйесін өзгертеміз. Жас спортшыларға мүмкіндік береміз. Бәсекелестікті арттырамыз. Жаттықтырушыларға жағдай жасаймыз. Осының барлығы Парижде жақсы нәтиже көрсетуге ықпал етеді деп үміттенеміз", – деді Олимпиада ойындарының 3 дүркін жүлдегері.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу