Өнер иесі әлеуметтік желіге болашақ құдаларымен танысқан сәтін жариялады.
"Ассалаумағалейкум, қазағым! Менің бүгін көңілім алып ұшып тұр. Себебі хор қызым Қорлантайымды ұзатқалы жатырмын. Бұл жиналған асыл азаматтар ақ тілегін арқалап, қуанышымды бөлісіп келген достарым", - деп жазған болатын Нұржан Төлендиев.
Ал бұл жолы әзілкеш желідегі парақшасында болашақ құдаларымен жолыққан "тәтті шәйдің" бейнежазбасын бөлісті.
"Тәтті шәйден естелік болсын", - деп жазды әзілкеш.
Желі қолданушылары Төлендиевтің құдалығына құтты болсын айтып, қызы Қорланға бақыт тіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу