Конькимен жүгіру бойынша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл күндері Херенвенде (Нидерланд) әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы командалық сында норматив орындап, әлем біріншілігіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан 3:46.749 нәтижесімен жетінші орыннан көрінді.
Айта кетерлігі, жарыстың бірінші күнінде ерлер арасындағы командалық сынға Александр Кленко, Дмитрий Гаврилов және Виталий Щиголев қатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу