Конькимен жгіруден классикалық көпсайыс бойынша Қазақстан біріншілігі аяқталды

1456

Ерлер арасында астаналық Дмитрий Морозов жеңімпаз атанса, әйелдер арасында Валерия Чадоваға (Алматы) тең келер ешкім болмады. 

Конькимен жгіруден классикалық көпсайыс бойынша Қазақстан біріншілігі аяқталды

22-23 қаңтар күндері Астанадағы "Алау" мұз сарайында конькимен жүгіруден классикалық көпсайыс бойынша Қазақстан біріншілігі өтті, деп жазады Olympic.kz. 

Ерлер арасында астаналық Дмитрий Морозов жеңімпаз атанды. Екінші орында Виталий Щиголев (Павлодар), үшінші сатыда Максим Баклажкин (Алматы). 

Әйелдер арасында Валерия Чадоваға (Алматы) тең келер ешкім болмады. Петропавлдық Елизавета Беркайм мен Мария Громова тиісінше екінші, үшінші орындарды иеленді. 

Жаөспірім ерлер арасында Илья Рысев, қыздар арасында Алина Даурановалар топ жарды. 

Еске сала кетейік, өткен аптада қысқа қашықтыққа жүгіруден ел чемпионаты мәресіне жеткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу