Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгірудің спринт және көпсайыс түрлері бойынша наурыздың 7-10 күндері аралығында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын құрама жасақталды, деп жазады inbusiness.kz.
Биылғы бәсекеде Қазақстанның 6 спортшысы мынадай қашықтықтар бойынша додаға кіреді:
- Ақжол Нұралы – (көпсайыс) 1-күні 500-3 000 м, 2-күні 1 500-5 000 метр;
- Алтай Жәрдембекұлы – (спринт) екі күнде 500-1 000 метр;
- Екатерина Айдова – (көпсайыс) 1-күні 500-1 500 метр, 2-күні 1 000-3 000 метр;
- Алина Дауранова – (спринт) екі күнде де 500-1 000 метр;
- Инесса Шумекова және Кристина Шумекова – (спринт) екі күнде де 500-1 000 метр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу