Конькимен жүгіруден Екатерина Айдова кіші алтынға қол жеткізді

939

1000 метрге жарысудан "В" финалында сынға түскен аталған қашықтықты 1 минут 15.750 секундта жүгіріп өткен.  

Конькимен жүгіруден Екатерина Айдова кіші алтынға қол жеткізді

Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде Екатерина Айдова кіші алтынға қол жеткізді деп жазады Olympic.kz.  Айдова былтырғы маусымға қатыспағандықтан, жаңа маусымды "В" тобында бастаған болатын.

Бұл жеңісінен соң қазақстандық спортшы әлем кубогінің келесі кезеңінде "А" тобында сынға түсу құқығын алды.  Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Екатерина Айдова 1500 метрге жарысудан кіші күміске иелік етті.  Әлем кубогінің келесі кезеңі де Херенвен қаласында өтетінін еске саламыз. 
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу