Ресейлік спортшылар Кристина Силаева мен Елизавета Голубева конькимен жүгіруден Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл туралы Ресей конькишілер одағының ресми сайтында жазылған.
12 қыркүйекте Ресей конькишілер одағы жиналыс өткізіп, Кристина Силаева мен Елизавета Голубеваны Қазақстан құрамасына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімді Одақтың атқарушы комитеті Қазақстанның Ұлттық коньки тебу федерациясының өтініші негізінде қабылдады. Атқару комитеті ресейлік спортшыларға 24 айлық карантин енгізуге бірауыздан дауыс берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу