Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты өтпейтін болды

769

Чемпионат 14-17 желтоқсанға жоспарланған болатын.

Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты өтпейтін болды

Конькимен жүгіру спорты бойынша биылғы Қазақстан чемпионаты өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан конькишілер федерациясына сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантин шаралары туралы 20.11.2020 жылғы №ПГСВ-248 қаулысына сәйкес (3.49-тармақ – Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге тыйым салынады). Жоғарыда айтылғандардың негізінде 2020 жылғы 14-17 желтоқсанда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілмейді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу