Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапында өзгеріс бар

921

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапында өзгерістер орын алды. Ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыста Иван Аржаниковтің орнына Дмитрий Морозов шығады, деп хабарлайды Olympic.kz.   

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапында өзгеріс бар

 "Ерлер арасында 1000 метрге жүгіруден командада өзгеріс бар. Иван Аржаников денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмайды. Оның орнына Дмитрий Морозов шығады деп шештік. Әрине, бұл Морозов үшін айтарлықтай ыңғайлы жарыс емес. Бірақ ол соңғы кездері 1500 метрде өзін жақсы көрсетіп жүр. Сондай-ақ, бұл бәсеке масс-старт алдында жақсы дайындық болмақ", - деді бас бапкер Дмитрий Бабенко. 

Айта кетелік, ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыс ертең Нұр-Сұлтан уақытымен 14.30-да өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу