Елордадағы "Алау" мұзайдынында конькимен жүгіруден Қазақстан кубогі аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz.
Соңғы жарыс күнінде ерлер арасында 1500 метрге жарысудан жеңімпаздар анықталған болатын.
Нұр-Сұлтан өкілі Дмитрий Морозов бұл қашықтықта топ жарды. Күміс жүлдені қостанайлық Денис Кузин, қоланы Петропавл қаласының намысын қорғаған Иван Аржаников иеленді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        