Қазақстандық конькиші жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың кезекті күнінде жас спортшылар 1000 м қашықтықта өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық атлет Алина Дауранова тиісті қашықтықты 1:20.593 уақытта бағындырып, мәре сызығын екінші болып кесіп өтті.
Аталған санат бойынша жапониялық Юкино Юшида топ жарды. Нидерланды спортшысы Джейд Гроневуд үздік үштікті аяқтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу