Танымал ирландиялық аралас жекпе-жек (ММА) боксшысы, екі салмақ дәрежесі бойынша UFC промоушенінің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор шаршы алаңға оралатыны туралы айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Championat сайтына сілтеме жасап.
"Мен кәсіпқой ММА мансабымдағы 20-шы нокаутымды тіркеу үшін ораламын", - деп жазды МакГрегор өзінің X парақшасында.
Бұған дейін МакГрегор 29 маусымда Лас-Вегастағы UFC турнирі аясында америкалық Майкл Чандлермен жұдырықтасатынын мәлімдеген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу