Конституция "черновикке" ұқсап кеткен жоқ па?

740

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа журналистер осындай сауал қойды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Конституция "черновикке" ұқсап кеткен жоқ па?

"Қазақстанда азаматтардың кейбірі Конституцияға өзгерістердің жиі енгізілуіне наразы. Ата заңды "черновикке" айналдырдыңдар деп те сынайды олар. Бұл жөнінде не дейсіз?", – деп сұрады тілшілер.

"Конституцияның ылғи өзгеріс енгізіле беретін қандай да бір құжатқа айналды деген сөзбен келіспеймін. Меніңше, біз Конституцияға шынында да сирек болса да өзгеріс енгіземіз. Конституцияның өзі 1995 жылы қабылданған. Содан бері өзгерістер айтарлықтай көп енгізілді деп айта алмаймын", – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуына қарағанда "бұл жолғы жағдай бірегей". 

"Біз аталмыш мәселені республикалық референдумға шығарып жатырмыз. Халық дауыс береді де, өз ұстанымын білдіреді. Негізгі позициялар бойынша бұл жерде мәселені депутат шешпейді. Сондықтан бұл жерде жағдай ерекше дер едім. Халық дауыс береді. Қазақстан халқы қалай шешеді – солай болады", – деді ол.

Мәулен Әшімбаев Конституцияға өзгеріс енгізе беруді өзі де қолдамайтынын айта келе Ата заңды киелі құжатқа, базалық құжатқа теңеді. 

"Егер біз Конституцияны өзгертетін болсақ, біршама заң өзгереді де мұның соңы белгілі бір деңгейде түсінбеушілік туғызуы мүмкін", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу