Конституция күні ақтөбеліктер баспаналы болды

1279

 Ақтөбе қаласында 21 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр

Конституция күні ақтөбеліктер баспаналы болды

Мереке күні 30 ақтөбелік "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ (ҚИК) арқылы баспаналы болды.  Жалпы биыл пәтер кезегінде тұрған 500-ден астам ақтөбелік қоныс тойын тойламақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс орталығына Ембі қаласынан қоныс аударған І топ мүгедегі Айбек Үбішев бірінші қабаттағы 2 бөлмелі пәтерге қоныстанды. Ол 10 жыл бойы пәтер жалдап келген.

"2011 жылы тұрғын үй қорын есепке алу секторына құжат тапсырып, биыл жаңа бағдарламаның конкурсына қатыстым. Екі бөлмелі пәтерге 40 мың теңге төлеймін. 20 жылға несиеге алынды. Өте тиімді, үлкен қызым кепілгер болды. Ол жедел жәрдемде фельдшер болып жұмыс істейді. Екінші балам да жұмыста, табысымыз жеткілікті",- деді Айбек Үбішев.

Бүгін барлығы 30 отбасы баспаналы болды. Қоныс тойын тойлап жатқан ақтөбеліктерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

"Әркім үшін ең негізгі мәселе - баспана. Осыдан 2 жыл бұрын жаңа ауданда түк болмады. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында көптеген үй салынды. Үйді әлеуметтік қолдауды талап ететін адамдарға беру керектігін түсінеміз. Бұл жолы "ҚИК" арқылы үй беріліп жатыр. Жұмыс әрі қарай жалғасады",- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында 21 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр. Мемлекеттік бағдарламамен үй алуды мақсат еткен адамдар саны күн санап артып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу