Конституция күні: Қазақстанда Президент өкілеттілігі азайып, Парламенттің құзіреті артты

268

Референдум қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттарының жалпы саны 107-ден 98-ге азайды.

Конституция күні: Қазақстанда Президент өкілеттілігі азайып, Парламенттің құзіреті артты Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық президенттік мерзім - бұл посткеңестік кеңістіктегі абсолютті жаңалық. Мұндай қадам биліктің монополиялануына жол бермейді. Ел дамуы үшін қажетті реформаларды іске асыруда жауапкершілік пен тиімділік артады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, бұл шешім супер-президенттік басқару формасынан түпкілікті кетуді көздеді. Тағы бір ұтымды саяси шешім- мемлекет басшысы саяси партияның жетекшісі бола алмайды. Және де оның туыстарына мемлекеттік органдар мен компанияларда қызмет атқаруға тыйым салынды, президенттік өкілеттіктердің бір бөлігі биліктің басқа институттарының пайдасына қайта бөлінді.

Референдум қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттарының жалпы саны 107-ден 98-ге азайды. Төменгі палата депутаттары пропорционалды және мажоритарлы жүйе бойынша сайлана бастады. Бірмандатты сайлау округі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарынан мандатын сайлаушылар кері қайтарып алу құқығы енгізілді. Бұрын Мәжіліс заң жобаларын қарап және мақұлдап қана келсе, енді заңдарды қабылдау құзыретіне ие болды. Ал бұрын заңдарды қабылдап келген Сенатқа заңдарды мақұлдау не мақұлдамау еркі берілді. Заңдарды жедел қабылдау тәртібі енгізілді. Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою үшін Үкіметтің заң шығару бастамасы арқылы енгізілетін заң жобалары Парламент палаталарының бірлескен оты

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу