Конституция күніне орай ардагерлер арнайы флэшмоб өткізді

590

Елордадағы "Отан қорғаушылар" монументі алаңында өткен іс-шараға 300-ден аса ата-әже қатысты. 

Конституция күніне орай ардагерлер арнайы флэшмоб өткізді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Барлығы біркелкі ұлттық киіммен шығып, алаңды жайнатып жіберген қариялар қатысқан көріністі Конституция күніне орай Алматы ауданы ардагерлер кеңесі ұйымдастырды, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Ал көпшілікті отансүйгіштікке шақыратын игілікті іске аудан әкімі аппараты қолдау білдірді.

Іс-шараға ардагерлер кеңесінен 300-ден аса қария қатысты. Жалпы аудан бойынша бүгінде 30 мың ардагер бар.

"Былтырғы референдумда бүкіл халық, оның ішінде ардагерлеріміз де қатысып, Ата заңымыздың үштен бір бөлігіне өзгеріс енгіздік. Заң Президенттің жаңа Қазақстанды құруға, экономикамызды жаңғыртуға бағытталған. Маңызды іске ардагерлеріміз де белсенді атсалысты. Міне, бүгін сол Конституциямызды қолдау үшін үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Менің риза болатыным – 70-80 жастағы қариялардың белсенділігі. Міне, тойға келгендей жасанып жиналып, көз қуантып тұр", - деді Алматы ауданы ардагерлер кеңесі төрағасы Марат Мұстафин.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды іс-шара қалада бірінші рет өтіп жатыр. Елордалық ардагерлердің бұл бастамасы Республика бойынша үлгі етуге тұрарлық дейді олар.

Іс-шараға қатысқан "Елорда" халықтық қор жетекшісі, Алматы ардагерлер кеңесі мүшесі Үміт Дүйсенова да осында келген ардагерлердің ішінде өнерпаз да, спортшы да бар екенін, олардың үйде отырып қалмай, осылай көпке үлгі-өнеге болғаны ғанибет екенін атып өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу